«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 41 Қаулысы

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 41 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстанның ерекше қорғауды талап ететін бірегей табиғи объектілері ретінде Алматы облысының бағалы флорасы мен фаунасының түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысының Балқаш ауданы аумағындағы «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 19820,1322 гектар жер учаскелері су қоры жерлері санатынан алып қойылсын.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы облысының Балқаш ауданы аумағындағы жалпы ауданы 35088,4747 гектар, оның ішінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және жалпы ауданы 15268,3425 гектар босалқы жерлер, оның ішінде Қараой мемлекеттік табиғи қаумалы аумағындағы 33525,1747 гектар жер учаскелері тұрақты жер пайдалануға берілсін.

3. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.